Бразилияда әуежайдан 700 келі алтын ұрлағандар ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия полицейлері Сан-Паулу әуежайынан 700 келі алтын ұрлағандарды ұстады. Бұл туралы 24.kz хабарлады. 


Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметі бойынша, ұсталғандардың бірі терминалдағы логистикалық операциялардың басшысы болып шықты. Бұған дейін полицияға берген мәлімдемесінде ол тонаушылар керек ақпаратқа қол жеткізу үшін өзін және отбасын кепілдікке алғанын айтқан.

Жалпы қолды болған алтынның құны – 30 миллион АҚШ долларына тең.  

Естеріңізге сала кетейік, осыдан екі апта бұрын тәртіп сақшыларының формасын киген қарулы топ жүк терминалындағы инкассациялық көлікті тонап кеткен. Бұдан кейін олар кепілдікке екі адамды алған. 


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы