Бразилияда табиғат апатынан 6 адам қаза тапты
Астана, BAQ.KZ. Рио-де-Жанейро қаласының билік өкілдері табиғат апатынан 6 адам қаза тапқанын хабарлайды. Осыған орай шаһарда 3 күндік қаралы күн жарияланды. Бұл туралы 24kz сайты хабарлайды.
Толассыз жауған жауын мен соққан дауылдан кеңселер мен тұрғын үйлерге айтарлықтай зақым келген. Табиғаттың тосынсыйынан көшеде ағаштар құлап, жол апаттары жиілеген.
Мамандардың айтуынша, екі сағатта жауған жауын, бір айлық нормадан асып түскен. Синоптиктердің болжамы да көңіл көншітпейді. Осыған орай жергілікті билік қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ақтөбеде африкалық жайындар өсірілетін болды
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы