Бразилияда су тасқынынан жүзге жуық адам қаза тапты
Бразилияның оңтүстігінде нөсер салдарынан болған су тасқынының салдарынан 95 адам қайтыс боллы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
СNN Brasil басылымының деректеріне сәйкес, 130-дан астам адам хабар-ошарсыз кеткен. Сондай-ақ зардап шеккендер саны әлі де артуы мүмкіндігі айтылуда.
Риу-Гранди-ду-Сул штатында 497 муниципалитеттің 414-і жаңбырдан зардап шеіп отыр. Табиғи апат 1,4 млн-нан астам адамға зиянын тигізді.
Ұзаққа созылған нөсер елдің оңтүстігінде күшті су тасқынына ұласты. Қазіргі уақытқа дейін 1941 жылы көктемде болған су тасқыны ел тарихында ең күшті апат ретінде қалған. Ол кезде нөсер жауын жиырма күннен астам уақыт бойы толассыз жауып, 70 мың адам апат аймағында қалған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Министр Шарлапаев Ақмола облысында болды
Келесі жаңалық
Жамбылда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деп ұсталды
Өзгелердің жаңалығы