Бразилияда су тасқынынан қаза тапқандар саны екі есе артты

Бразилияның оңтүстігіндегі Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы су тасқынынан қаза тапқандар саны екі есе артты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

CNN Brasil телеарнасы таратқан мәліметке сәйкес, табиғи апаттан 56 адам қаза тауып, 74 адам зардап шеккен, 67 адам хабар-ошарсыз кеткен.

Апта басынан бері штатта толассыз жауған нөсер салдарынан қаза тапқан адамдар саны 56-ға дейін жетті. Дауылдан 281 муниципалитет зардап шекті. Қаза тапқандардан басқа, штатта 74 адамның жаралғаны мен 67 адамның хабар-ошарсыз кеткені белгілі болды, - делінген елдің халықты қорғау қызметі ұсынған мәлімдеді.

Еске салайық, 2 мамырда Бразилияның Риу-Гранди-ду-Сул штатында су тасқынынан 10 адам көз жұмып, 21 адам жоғалып кеткені айтылған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: cnnbrasil.com
Өзгелердің жаңалығы