Бразилияда коронавирустан 2300-ге жуық адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия коронавирустық инфекцияны жұқтырғандар саны бойынша әлемде екінші орынға шықты. Сондай-ақ, мұнда күнделікті КВИ өлімінің жаңа рекорды орнатылды: бір күнде 2300-ге жуық адам қайтыс болды.
Covid-19 таралуын тоқтату мақсатында билік ресейлік "Спутник V" вакцинасын сатып алуға келісімшарт жасасты. Аталған вакцинаның 10 миллион дозасы AstraZeneca және Sinovac компанияларының препараттарына қосымша сәуір айынан бастап елге үш кезеңмен жеткізілмек.
⠀
Түркияда туристік сала қызметкерлерін вакцинациялау бағдарламасын жүзеге асыру басталды. "Біз вакцинация жүргізу үшін туристік сектор қызметкерлерін тіркеуді бастадық" деп хабарлады елдің Мәдениет және туризм министрлігі. Аталған іс-шара "Қауіпсіз туризм" бағдарламасы аясында өтуде.
⠀
Италияның тоғыз аймағы 15 наурыздан бастап максималды шектеу шараларын қамтитын "қызыл аймаққа" ауыстылады, ал қалған өңірлері "қызғылт сары" аймақта қалады. Елде тәулігіне Сovid-19-дың 27 мыңға жуық жаңа жағдайлары анықталып жатыр. "Қызыл аймақтарда" орналасқан аймақтарда үйден қажетсіз шығуға тыйым салынған, азық-түлік дүкендері мен дәріханалардан басқа барлық сауда нысандары жабық. "Қызғылт сары аймақтардың" тұрғындары жұмысқа немесе дәрігерлерге барудан басқа, елді мекендерден шығуға тиым салынған.