Бразилияда коронавирустан 150 мыңнан астам адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилияда COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 150 198-ге жетті, оның 559-ы өткен тәулікте тіркелген, деп хабарлады ТАСС.
Инфекция жағдайларының жалпы саны 5 082 637-ге дейін өсті. Соңғы 24 сағат ішінде 26 749 жаңа пациент тіркелді. Ведомствоның мәліметінше, жұқтырғандардың 85% - дан астамы (4 453 722) сауығып кеткен, тағы 478 717 адам дәрігерлердің бақылауында. 100 мың тұрғынға 2 419 инфекция және 71 өлім жағдайы келеді.
Коронавирус инфекциясының алғашқы жағдайы 26 ақпанда расталған Бразилия АҚШ пен Үндістаннан кейін ең көп жұқтырған мемлекеттер қатарында тұр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Астанада 10 жайлы мектеп ашылды
Өзгелердің жаңалығы