Бразилияда коронавирусқа қарсы вакцина адамдарға сыналмақ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл жөнінде жергілікті билік өкілдері мәлімдеді. Айтуларынша, азаматтарға "Синовак" компаниясы жасаған қытайлық вакцина салынады деп хабарлайды "Хабар 24". 

Дәрінің әсерін бір уақытта 12 зерттеу орталығы бақылап, 90 күн бойы қадағалайды. Сан-Паулу губернаторының сөзінше, егер сынақ сәтті өтсе, 2021 жылға қарай вакцинаның 120 миллион дозасы жасалады. Және ол халыққа тегін таратылады екен.

Айта кетейік, бүгінде Бразилия коронавирустан ең көп зардап шегіп отырған елдердің қатарында. Осы уақытқа дейін 2 миллионнан астам адам вирус жұқтырып, 80 мыңдайы көз жұмды. 
Егер бәрі ойдағыдай өтсе, вакцина келер жылдың басына қарай жасала бастайды. Және ол тек Сан-Паулу тұрғындарына ғана емес, бүкіл бразилиялықтарға таратылады, – дейді Сан-Паулу губернаторы Жуан Дориа.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы