17 Ақпан 2026, 04:27

Бразилияда автобус апатынан 6 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды

Апат себептері тергеу барысында анықталады.

Бразилияның оңтүстік-шығысындағы федералды тас жолда автобус аударылып, алты жолаушы қаза тауып, 45 адам жарақат алды. Зардап шеккендер жергілікті ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ Reuters-ке сілтеме жасап.

Апат таңертең Марилия қаласының маңындағы BR-153 федералды тас жолында орын алды. Федералды жол полициясының хабарлауынша, автобус ауылшаруашылық жұмысшыларын Мараньянның солтүстік-шығысынан Санта-Катаринаның оңтүстігіне алма жинауға тасымалдап бара жатқан.

Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлік жолдан шығып, аударылған. Апат себептері тергеу барысында анықталады.