Бразилияда әуе шары өртеніп, 8 адам қаза болды
Губернатор Жоржинью Мелудың мәліметінше, 8 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
8 адамның қаза тапқаны, 13 адамның тірі қалғаны расталды, — деп жазды ол X әлеуметтік желісінде.
Metrópoles порталының хабарлауынша, белгісіз себеппен әуе шарында өрт шыққан, содан кейін ол биіктен құлап кеткен.
Шар Санта-Катарина штатының оңтүстігіндегі Прайя-Гранди муниципалитеті үстінен ұшып өткен. Бұл жер Бразилияда "каньондар астанасы" немесе "әуе шары астанасы" ретінде танымал.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы