Бразилияда "Абай күні" атап өтілді

Қазақстанның Бразилиядағы елшісі Болат Нүсіпов Леблон ауданының қалалық саябағында орналасқан Абай бюстіне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ Сыртқы саяси ведомствоға сілтеме жасап.

Іс-шараны "Бразилия-Қазақстан" достық форумы ұйымдастырып, қазақтың ұлы ақыны және философы Абай Құнанбайұлының 179 жылдығын мерекелеуге орайластырды.

Кездесуге достық қоғамының мүшелері, сондай-ақ Рио-де-Жанейро қаласы әкімдігінің өкілдері қатысты. "Бразилия-Қазақстан" достық форумының атқарушы директоры, профессор Эдельсио Америко қонақтарға португал тілінде Абайдың "Қара сөздер" өлеңдер жинағынан кейбір үзінділер оқыды.

Абайдың бюсті Рио-де Жанейроның орталық ауданында 2023 жылы "Бразилия Қазақстан" достық қоғамы мен қала әкімдігінің қолдауымен тұрғызылды. Әзірге бұл Оңтүстік және Солтүстік Америка елдеріндегі жалғыз Абай ескерткіші. Флюминенсе университетінің профессоры Эдельсио Америко - Абайдың "Қара сөздер" шығармалар жинағының португал тіліне аудармасының авторы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Сыртқы істер министрлігі
Өзгелердің жаңалығы