Бразилияда 4 ел үшін виза тәртібі енгізіледі
Бразилия АҚШ, Жапония, Аустралия және Канада азаматтарына виза тәртібін қайта енгізеді, деп хабарлады BAQ.KZ.
Бұл туралы Рейтер ақпарат агенттігі жазды.
Елдің Сыртқы істер министрлігі осы 4 мемлекеттің билігіне бұл шешімін бүгін жариялаған. 2019 жылы Бразилияның бұрынғы Президенті бұл елдер үшін визасыз келуге рұқсат еткен болатын. Осылайша, туристерді көбірек тартпақ болған. Алайда олар қарымта ретінде Бразилия азаматтары үшін визасыз тәртіп енгізген жоқ.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сәтбаев қаласында экологиялық тексеру жүргізіледі
Келесі жаңалық
Көкшетауда полицейлер тұрғындарды өрттен құтқарды
Өзгелердің жаңалығы