Бразилия президенті Трамппен ашық диалог орнату үшін эссе жазды

Бразилия президенті Луис Инасио Лула да Силва АҚШ-тың қазіргі көшбасшысы Дональд Трамппен "ашық диалог" бастау мақсатында арнайы эссе жазды. Материалды The New York Times газеті жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мақалада Лула өзінің ондаған жылдық келіссөз тәжірибесін атап өтіп, барлық тарапты тыңдауға және түрлі мүдделерді ескеруге дайын екенін жеткізді.

Мен Трамп әкімшілігінің Бразилия өнімдеріне 50 пайыздық баж салығын енгізу туралы дәлелдерін мұқият зерттедім. Бұл шешім қате әрі қисынсыз. АҚШ-тың Бразилиямен сауда тапшылығы жоқ және біздің тауарларға жоғары тарифтер қолдануға негіз де жоқ, – деді Бразилия президенті.

Лула да Силва Вашингтонмен өзара тиімді мәселелерді талқылауға дайын екенін, бірақ «Бразилияның демократиясы мен егемендігі ешқашан талқылау тақырыбы болмайтынын» баса айтты.

Еске салсақ, 30 шілдеде Дональд Трамп Бразилия тауарларына қосымша 40% баж енгізген еді. Соның нәтижесінде ел өнімдеріне тарифтің жалпы көлемі 50%-ға жетті. АҚШ бұл қадамды Бразилия үкіметінің әрекеттері «ұлттық қауіпсіздікке және сыртқы саясатқа қатер төндіреді» деп түсіндірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: AFP 2024 / Miguel Schincariol
Өзгелердің жаңалығы