Бразилия президенті инфекция жұқтырғанын жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бразилия президенті Жаир Болсонару өзінің Facebook-тегі парақшасында коронавирустық инфекция жұқтырғанын жоққа шығарды, деп хабарлайды РИА Новости.
Қайта алынған сынақ нәтижесі Бразилия президенті Жаир Болсонарудан COVID-19 инфекциясына теріс нәтиже көрсетті, - делінген хабарламада.
Бұған дейін жергілікті басылымдар президенттің вирусқа алғашқы сынақтары оң нәтиже бергенін хабарлаған.
Айта кетейік, Болсонару 7 наурызда Палм-Бич қаласында АҚШ президенті Дональд Трамппен кездескен болатын. Кейіннен Бразилия басшысының қоғаммен байланыс жөніндегі көмекшісі Фабио Вайнгартен Мар-а-Лагоданың вирус жұқтырғаны белгілі болды. Осыдан кейін Болсонарудың өзі коронавирусқа тест тапсырған еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда хайуанаттар бағы уақытша жабылды
Өзгелердің жаңалығы