6 Қазан 2024 2024, 23:51 Фото: скрин

Бразилия – футзалдан 2024 жылғы әлем чемпионы

Футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Бразилия мен Аргентина кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Футзалдан Өзбекстанда өткен әлем чемпионатының ақтық кезеңінде Бразилия мен Аргентина кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кездесуде алдымен Бразилия екі гол (Феррао 6, Рафа 13-минутта) соқты. Ал 39-минутта аргентиналық Матиас Роза есеп айырмасын қысқартты. Дегенмен есепті теңестіруге мүмкіндігі болған жоқ.

Осылайша, Бразилия Аргентинадан 2:1 есебімен басым түсіп, алты дүркін әлем чемпионы атанды.

Бразилия бұған дейін 1989, 1992, 1996, 2008, 2012 жылдары жеңіс тұғырына көтерілген еді.