Нұр-Сұлтан атауы брендке айналады - Ерғазы Әзімханұлы

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан жастарының Конгресі жанындағы Республикалық жастарды дамыту орталығының жетекшісі Елордамыздың атауын Нұр-Сұлтан деп өзгерту Астана қаласын әлемдік брендке айналдырады деген сенімде.

«Еліміздің кез келген жасы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясатын қолдайды деп ауыз толтырып айта аламын. Еліміздің патриот азаматы ретінде Астана қаласының атауын «Нұр-Сұлтан» деп өзгертуді құптарлық іс деп білемін. Бұл бастаманы халқымыз қолдайтыны сөзсіз. Себебі, ұсынысты білдірген арда азаматтарымыз халқымыздың атынан білдірді. Біз мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асырып жүрген белсенділер болғандықтан, бұл дұрыс шешім екеніне бек сенімдіміз. Болашақта Нұр-Сұлтан атауын әлемдік брендке айналдыруға дайынбыз, білек сыбана еңбек етеміз. Мен үшін Елбасы - өмір бойы үлгі тұтар тұлға, отансүйгіштік пен адал еңбектің символы. Нұрсұлтан Әбішұлымен бірнеше рет жүздесу бақыты да бұйырды. Жастар конгресі 2001 жылы Елбасының мұрындық болуымен құрылып, бүгінде қатарластарымыз бүгінгі күнге дейін мемлекеттік қамқорлығын сезініп келеміз», - дейді Ерғазы Әзімханұлы.

Жастар белсендісінің пікірінше, қазіргі таңда кез келген жас сапалы білім алып, табысты еңбек ете алады. Сондықтан, жас буын өкілдері Тұңғыш Президентке әрдайым алғыс жаудыруы тиіс.

«Әрине, бүгінде Астана қаласы жер-жаһанға танылды. Елордада күллі әлем көз тігер халықаралық жиындар, маңызды шаралар өтіп жатыр. «Елу жылда - ел жаңа» демекші, енді Нұр-Сұлтан атауы да әлем халқына танылады», - дейді жас.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы