Браконьерлер соққыға жыққан инспектор ауруханада ессіз жатыр - ҚР АШМ
Астана, baq.kz. Қарағанды облысының Нұра ауданында браконьерлер инспекторларға қарулы қарсылық танытып, соққыға жыққан. Салдарынан екі инспектор ауыр жарақат алып, бірі ессіз ауруханаға жеткізілді. Қазіргі жағдайы ауыр, деп мәлімдейді ҚР АШМ баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының Нұра ауданында сирек кездесетін және жойылып бара жатқан жабайы тұяқтылар мен ақбөкендерді қорғау жөніндегі іс-шаралар барысында Теңіз көлінің оңтүстік-батысында орналасқан Ақ қошқар бөгеніне жақын орналасқан «Охотзоопром» АҚ Қарағанды мемлекеттік кәсіпорнының инспекторлары жаңа автомобильдердің іздерін байқаған.
«Браконьерлерді іздестіру кезінде, автомобиль инспекторларының бірі қарға батып қалып, артта қалған. Екінші машинаның экипажы инспекторларымен П.А. Ницык және Е.Б. Нұрғалиев олардың ізін жалғастырып, екі «Toyota Land Cruiser» (күміс және ақ түсті) көліктеріне жасырынған ақбөкендерді ұстауға тырысқан.
Браконьерлер машинаның терезесінен қару шығарып инспекторларға бағыттап қорқытқан.
Бұл әрекетке жауап ретінде инспекторлар қызметтік қаруды пайдаланып, екі рет ескертіп ауаға оқ жіберген. Сондай ақ, браконьерлер көлігін тоқтату мақсатында олардың дөңгелектеріне де оқ атқан», - делінген АШМ таратқан хабарламада.
Инспекторлар аңдудағы автокөліктердің біреуін ұстауға мүмкіндік туып, оны тоқтатқанда көліктен қаруланған үш спортшы шығып, қарсылық танытқан.
Браконьерлер дереу қарсыласып, инспекторлар П.А. Ницык, Е.Б. Нұрғалиевты ұрып-соққыға жыққан. Сонымен бірге, браконьерлер инспекторлардың көлігінен GPS құрылғысын және көлік құралының тұтану кілтін алып тастаған.
Есін жиған Инспектор П.А. Ницык бетімен төмен қарап ессіз жатқан Е.Б. Нұрғалиевты көреді. Ол сол сәтте алғашқы көмек көрсетіп, инспектордың басынан кетіп жатқан қанды тоқтатуға тырысқан.
Нұра аудандық ІІБ-ның тергеу-жедел тобы қылмыс орнына 18.10-да шақырылды, Ұлытау ауданының ІІБ браконьерлерді ұстауға шоғырланған. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінде ҚР ҚК №193552031000010 13.01.2019 ж. Қылмыстық іс қозғалды.
Инспекторлардың екінші экипажы зардап шегушілерді 20 сағат 30 минутта тапқан. Содан кейін олар Астана қаласының №1 қалалық ауруханасына жеткізілді. Инспектор Е.Б. Нұрғалиев бас ауыр жарақатын алған, ессіз күйінде өкпенің жасанды желдеткіші арқылы дәрігерлердің қарауында. Ал инспектор П.А. Ницык ауыр дене жарақатын алған.