Браконьерлерге көмектескен шенеуніктер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК Маңғыстау облысы бойынша департаменті "Маңғыстау облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы" РМК лауазымды адамдарының құқыққа қарсы әрекетінің жолын кесті.
Олар сату мақсатында бекіре тұқымды балықтарды аулау және уылдырық алу бойынша браконьерлік әрекет ұйымдастырған жергілікті тұрғындарға қамқоршылық жасаған - дейді ҰҚК баспасөз қызметі.
Ұсталған адамдардың қылмыстық әрекетінің нәтижесінде мемлекетке 320 миллионнан артық сомада зиян келген. Заңсыз айналымнан 1100 кг бекіре тұқымдас балық пен 17 кг қара уылдырық алынды.
Маңғыстау облысы бойынша департаменті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 361-бабы 1-б. ("Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану"), 335-бабы 3-б. 1, 3, 4, 5-т. ("Балық ресурстарын, басқа да су жануарлары мен өсімдіктерін заңсыз алу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда.