Браконьерлер орман шаруашылығы инспекторын өлтірді
Астана, baq.kz. Қарағанды облысында браконьерлерді анықтау рейді қайғылы оқиғамен аяқталды.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook-тегі парақшасында қайғылы оқиға туралы мәлімдеді."2019 жылдың 13 қаңтарында сағат 18.00 шамасында РМҚК Қарағанды облысы Нұра ауданы аумағында 5 атылған сайғақтың денесі табылған. Із кесу барысында инспекторлар тіркелмеген нөмірлі Тоyota Land Cruiser маркалы екі автокөлігін тауып алып, оның біреуін тоқтатқан", – деп жазады Сәкен Диілдахмет.
Автокөлік жолаушылары өздерін агрессивті ұстап, қарсылық танытқан.
"Нәтижесінде инспекторлардың бірі жарақат алып, жағы сынған. Екінші инспектор болса басүйек-ми зақымымен комаға түскен. Дәрігерлер оның өмірі үшін күрескенімен, аман алып қала алмады", - дейді баспасөз хатшысы.
Оқиға орнына құқық қорғау органдарының жедел жасағы барды. Қылмыстық кодекстің 107-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушыларды тану мен оларды ұстау шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Сауд Арабиясы Пәкістанда мұнай зауытын салады
Өзгелердің жаңалығы