Браконьерлер қолынан қаза тапқан инспекторлар туралы фильм түсіріліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында Ерлан Нұрғалиев пен Қаныш Нұртазиновтың құрметіне орай көркем фильмнің түсірілімі басталды. 

Браконьерлердің қолынан қаза тапқан қос инспектордың құрметіне орай қолға алынған «Дала» («Степь») атты көркем фильмнің түсірілімдері Ақмола облысында басталды.


Алайда түсірілім алаңында қолайсыз жағдай болды – түсірілімдер басталмай жатып фильмнің  актері із-түзсіз жоғалып кетті. Ол туралы картинаның режиссері әрі продюсері Максим Акбаров өзінің Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

Фильмде түсіп жатқан актерлардың бірі ескертулерге қарамастан дүлей боран кезінде қаршанаға мініп, жоғалып кетті. Дер кезінде ұйымдастырылған құтқару операциясының нәтижесінде бірнеше сағаттан соң актерді таптық, - деп жазды режиссер.


Айта кетсек, фильмнің түсірілімдері Ақмола облысында осы айдың соңына дейін жалғасады. Максим Акбаровтың айтуы бойынша, жаз айларында түсіру жұмыстары Қостанай облысында өтеді.

Табиғат қорғаушыларының еселі еңбегі туралы сыр шертетін «Дала» көркем фильмін түсіруді Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және «Охотзоопром «ӨБ» РМҚК қолдауымен Golden Man Media компаниясы қолға алып отыр.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы