Браконьерлер мемлекетке 180 млн теңгеге жуық шығын келтірген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысында Шекарашылар бекіре тұқымдас балықтың ірі партиясын ұстады. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.
ҰҚК Шекара қызметі Атырау облысы бойынша департаменті «Жанбай» бөлімшесі шекарашылары Жанбай ауылының маңында құмды жағалауда тұрып қалған «LEXUS» автокөлігіне тексеру жүргізді. Тексеру барысында автокөліктен жалпы салмағы 468 кг, 120 дана бекіре тұқымдас балық табылды, заңсыз ауланған бекіре балығынан мемлекетке келтірілген залал 136 515 600 теңгені құрайды, - делінген хабарламада.
Сонымсен қатар 2021 жылғы 21 тамызда Шекара қызметі Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен Түпқараған аудандық балық инспекциясы бірлескен іс-шаралары барысында Қазақстан азаматының «Toyota Land Cruiser» автокөлігі ұсталды.
Құзыретті органдар ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.Аталған автокөліктен салмағы 140 кг-ға жуық 38 дана бекіре тұқымдас балық табылды. Алдын ала бағалау бойынша келтірілген залал шамамен 39 млн теңгені құрайды - делінген ақпаратта.
ҰҚК Шекара қызметінің аумақтық бөлімшелері Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде браконьерлік іс-қимылдың жолын кесу жұмыстарын жалғастыруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ШҚО-да жолда қалған жолаушылар құтқарылды
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы