БҚО жедел топтары терроризмге қарсы әрекеттерді пысықтады
БҚОЖШ жедел топтарының Орал қаласындағы М.Маметова атындағы әуежай аумағында «Дабыл» жоспары аясында бөлек жаттығулары өткізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу іс-шарасының тақырыбы әуежай мен әуе кемесінің аумағында кепілге алынғандарды басып алуға байланысты террористік сипаттағы дағдарыстық жағдайды локализациялау жөніндегі іс-әрекеттерді іс жүзінде әзірлеу (Дабыл арнайы жоспарын әзірлеу шеңберінде).
БҚОЖШ жедел топтарының жүргізілген бөлек жаттығу барысында мынадай міндеттер қойылды:
- тартылған жедел топтардың терроризмге қарсы операцияны жүргізуге техникалық дайындық деңгейін бағалау (соның ішінде «Дабыл» жоспары шеңберінде);
- жедел топтардың басшылары террористік сипаттағы қалыптасқан дағдарыстық жағдай кезінде шұғыл және тиімді шешімдер әзірлеу және қабылдаудағы практикалық дағдыларын арттыру;
- тартылған жедел топтардың күштерінің және құралдарының жедел өзара іс-қимыл деңгейін бағалау;
- жедел штабтың дайындық деңгейінің төмендеуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау.
Жүргізілген оқу-жаттығулар «Дабыл» арнайы жоспары шеңберінде терроризмге қарсы операцияға қатысушылардың қадамдық әрекет алгоритмін пысықтауға мүмкіндік берді.
Ведомствоаралық үйлестіру мен өзара іс-қимыл мәселелері (соның ішінде «МА «Орал» ЖШС) талданды. Сондай-ақ оқу-жаттығу шарасы дағдыларды игеруге және берілген күштер мен құралдардың жауынгерлік қабілеттілік деңгейін арттыруға ықпал етті.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Руслан Берденов Шымкент әкімінің орынбасары қызметінен кетті
Келесі жаңалық
«Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының иегерлері марапатталды
Өзгелердің жаңалығы