БҚО тұрғыны 10 күн ішінде жылдамдықты 139 рет асырған
Жол жүру ережесін бұзған жүргізуші 4 млн теңге айыппұл арқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Автокөліктің қазақстандық тіркеуі жоқ екенін пайдаланған жүргізуші жол қозғалысы ережелерін сақтамай қалада жылдамдықты барынша асырған.
Ол көлігін базалар бойынша есепке алмайды және жазадан оңтайлы құтылып кетемін деп ойлаған.
БҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері құқық бұзушыны ұстады. Белгілі болғандай, жүргізуші көлік құралын басқаруға құқығы болмаған. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды, енді жүргізуші қомақты айыппұлды төлеуге мәжбүр, - делінген Polisia.kz хабарламасында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Елордалық кәсіпкерлер туристерден 35,2 млрд теңге пайда тапқан
Келесі жаңалық
Шымкентте бір күндік сәбидің өңешіне күрделі ота жасалды
Өзгелердің жаңалығы