БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы ауысты
Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2024 жылғы 22 ақпанда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы болып полковник Руслан Қасыбаев тағайындалды, - делінген БҚО ТЖД хабарламасында.
Руслан Қасыбаев Алматы қаласында дүниеге келген.
2006 жылы ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институтын аяқтаған.
Азаматтық қорғау органдарындағы еңбек жолын 1999 жылы өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндірушісі қызметінен бастады.
Әр жылдары аға өрт сөндіруші, өрт сөндіру бөлімінің инспекторы, аға инженер, бас маман, өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары, өрт сөндіру қызметінің бастығы, төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы лауазымында болған.