БҚО полициясы Үндістанның 12 азаматын ұстады
Батыс Қазақстан облысында Үндістаннан келген бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz-ке сілтеме жасап.
9 тамыз күні Бөрлі ауданының тәртіп сақшылары Үндістан елінің 12 азаматын ұстады. Тексеру барысында шетелдіктердің 8-інде Қазақстан аумағында визасыз болу мерзімі өтіп кеткені анықталды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 517-бабы ("Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы") бойынша жауапкершілікке тарту үшін 8 шетелдікке қатысты іс сотқа жолданды. Ұсталғандар Қазақстанға турист ретінде ұшып келгені белгілі болды, - делінген полиция мәліметінде.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жібек Құламбаева Қытайдағы турнирдің финалына шықты
Өзгелердің жаңалығы