БҚО-ның су тасқыны қаупі бар аймақтарына аэровизуалды шолу жүргізілді

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды BAQ. KZ. 

ТЖ вице-министрі Ерлан Нұрпейісов облыстың су тасқыны қаупі бар өңірлеріне аэровизуалды шолу жүргізді.
Қазіргі уақытта облыс аумағында қар жоқ. Өзендердегі су деңгейінің мониторингі бойынша жұмыстар жүргізілуде, тәулік бойы жүргізілетін 12 бақылау бекеті қойылды. Шаған және Орал өзендерінің жағалауының төмен учаскелеріне қаптарды төсеу жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан кадр
Өзгелердің жаңалығы