БҚО-ның 73 жастағы тұрғыны әйелін ұрып өлтірді
Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта 73 жастағы зейнеткерге қатысты үкім шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ол әйелін өлтіргені үшін кінәлі деп танылды. Қарт адамға 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Істің материалдарынан зейнеткер алдымен жұбайын пәтерінде ұрып-соғып, оны жіппен тұншықтырып, содан кейін қолымен қылқындырған. Қарияның әйелімен отасқанына 48 жыл болған екен.
Сот отырысында сотталушы қылмысын мойындап, өзінің іс-әрекетініне өкінетінін айтты , - деп атап өтті сотта.
Сондай-ақ, сотта мұндай мерзім оның жасына байланысты тағайындалғаны айтылды.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы