БҚО. Материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталды
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров БҚО-дағы су тасқыны жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Су тасқыны басталғаннан бері БҚО-ның 3700-ге жуық тұрғыны эвакуациялық орталықтарға орналастырылды. Бүгінде 2700-ге жуық адам үйлеріне оралды, қалған 1000-нан астам адам 13 эвакуациялық пунктінде. Олар азық-түлікпен және қажетті медициналық көмекпен қамтамасыз етілді. Қажет болған жағдайда өңірде 30 мыңнан астам эвакуациялық орындар дайындалды. Облыс тұрғындарына келтірілген материалдық шығынды есептеу жұмыстары басталды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жыл басынан бері ІІМ іздеуде жүрген 633 қылмыскерді ұстады
Келесі жаңалық
Шымкентте жыл соңына дейін 9 мектеп құрылысы аяқталу керек
Өзгелердің жаңалығы