БҚО: Киіктерден зардап шеккен шаруаларға өтемақы төленді ме

БАҚ өкілдері облыс әкіміне былтыр киіктерден зардап шеккен шаруаларға қанша өтемақы төленді. Биыл зардап шеккен шаруалардың саны қанша? деп сұрақ қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Иә, былтыр шаруа қожалықтары киіктерден зардап шекті. Мал азығын немесе жайылым жерлерді киіктер тапап кетті деген ақпаратқа сәйкес есептер шығарылды. Осы киіктерден зардап шегуіне байланысты шаруаларға өтемақы төлеу жөніндегі мәселе көтерілді. Осы мәселемен ауыл шаруашылығы министрлігімен арнайы жолықтық. Өңірге келіп, шаруа қожалықтарымен кездесті. Оларға өтемақы берілмейтіні түсіндірілді. Себебі оған арнайы ереже бекітілу керек. Сол жерде өтемақы төлеудің жолдары көрсетілу қажет. Биыл да бұл мәселе көтеріліп жатыр. Сондықтан болашақта ауыл шаруашылығы министрлігімен бірігіп сол шаруа қожалықтарының жерлерін қоршауға қатысты жұмыстарды жоспарлап жатырмыз. Яғни, республикалық бюджеттен субсидиялауды осы министрлікпен ақылдасып шешу жөнінде жұмыстар атқарылып жатыр. Қазір оған ереже дайындалуда. Сол ережеге сәйкес өздерінің егіс алқаптары мен жайылым жерлерін қоршайтын болады. Өтемақы төлеу туралы ешқандай қаржы бөлінген жоқ,-деді облыс әкімі Нариман Төреғалиев.

Облыс әкімінің айтуынша, аталған жағдайды ескеріп облыстық бюджеттен 3,8 млрд теңге субсидия қаражат бөлінген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы