БҚО-ға Ақтөбе облысынан қосымша құтқарушылар мен әскерилер жіберілді

Жайық өзені су деңгейінің көтерілуіне байланысты өзен жағалауын және Орал қаласының шеткі бөліктерінде орналасқан елді мекендерді су басты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан, Қызылорда облыстары, Астана қаласы ТЖД құтқарушылары және ТЖМ 28237 әскери бөлімінің әскери қызметшілері оқиға орнындағы саяжай үйлерінде тұрғындардың бар-жоғын тексеріп, өзен жағасын бекіту, қапшықтар және инертті материалдар төсеу, су сору жұмыстарын жүргізуде. Адамдар алдын ала эвакуацияланған болатын.  

Әуе кемесімен жергілікті жерде  әуеден барлау жүргізіліп, сондай-ақ пилотсыз ұшу аппараты көтерілді. Жергілікті полиция қызметкерлері оқиға орнында жұмыс атқаруда.

Ақтөбе облысынан және 52859 әскери бөлімінен ТЖМ, сондай-ақ Ішкі істер министрлігінің қосымша күштер мен құралдар Батыс Қазақстан облысына жіберілді. Жайық өзенінің су деңгейіне мониторинг жалғасуда, азаматтарды құлақтандыру және телерадио арқылы хабарландыру әр 4 сағат сайын жүргізіледі, - деді ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп Республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы