12 Сәуір 2024 2024, 00:39 Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

БҚО-дағы жағдай ерекше бақылануда

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Нұржан Төлеуіш Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Айтуынша, БҚО-да еріген қардан келетін қауіп сейілді. Келіп тұрған жалпы қауіп - Жайық өзенінің су деңгейінің көтерілуі болып тұр. Көршілес РФ Орынбор облысы Иреклі су қоймасынан келетін судың жылдамдығы 720 текше метрге дейін түсті.

Жайық өзеніндегі судың деңгейі - 7 метр 31 см. Өткен тәулік бойынша 7 см көтерілгені байқалды. Оның қауіпті деңгейі 850 см болып есептеледі. Облыста 25 мыңнан астам қапшық төселді. Өңірдегі жағдай бірқалыпты күрделі және қатаң бақылауда», - деді ресми өкіл.

Қазіргі таңда 13 068 адам эвакуацияланды, оның 1800 астамы эвакуациялық пунктерде орналасқан. Жалпы, 161 эвакуациялық пункт бар. Бүгінде оның 20 жұмыс істеп жатыр, 14-і Орал қаласында, қалған алтауы аудандарда орналасқан.