БҚО-дағы су тасқыны: Вице-премьер зардап шеккен аудандарды аралады
Премьер-министрдің орынбасары Нұрлан Байбазаров су тасқыны жағдайына байланысты 26 наурыздан бері төтенше жағдай жарияланған Батыс Қазақстан облысында, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Облыстағы бірнеше өзеннде су деңгейі бірден көтерілді, оның ішінде Орал қаласы арқылы өтетін Жайық, Шаған, Дерқұл өзендері де бар. Бүгінде эвакуациялау орталықтарына 1000-ға жуық адам орналастырылған.
Нұрлан Байбазаров облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге бірнеше ауылды аралап, үйлері су басқан аймақта қалған жергілікті тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ Орал қаласындағы эвакуациялау пункттеріне орналасқан тұрғындармен де кездесулер өткізілді.
Олар ыстық тамақпен, медициналық көмекпен, бірінші кезекте қажетті заттармен қамтамасыз етілген. Өңірде Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты адамдарды эвакуациялаудың екінші кезеңі басталады. Басшылық 30 мың орындық пункттер дайындады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Скляр: Тұрғындарды эвакуациялауға екі күн бар
Келесі жаңалық
Ақтөбеде 500 адам баспана құқығынан айырылған
Өзгелердің жаңалығы