БҚО-дағы өзендерде мұз жару жұмыстары басталды
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, бұл іс-шаралар су айдындарында мұз кептелісіне жол бермеу мақсатында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бүгін арнайы құрылған комиссияның қатысуымен Орал қаласында Шаған өзенінің екі учаскесінде 2 900 шаршы метрде мұз жарылды.
Осындай жұмыстар облыс орталығына қоса Бөрлі, Бәйтерек, Казталов, Тасқала, Сырым, Шыңғырлау аудандарының 26 учаскесінде жүргізіліп, шамамен 8 наурызға дейін жалғасады. Мұз жару жұмыстарына облыстық бюджеттен 35 млн теңге бөлінген, - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да су басу қаупі бар 147 елді мекен бақылауға алынғанын жазған болатынбыз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы