БҚО-дағы өрт Сырым ауданындағы елді мекенге жақындап қалды
Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер БҚО Сырым ауданындағы елді мекенге өрттің таралуына жол бермеу үшін барлық қажетті шараларды қабылдауда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сырым ауданындағы Тоғанас ауылынан 4 шақырым жерде құрғақ шөптің жануы орын алды. Өрттің алдын ала ауданы - 1500 га, ауыл жақтан жер жырту жұмыстары жүргізілуде, - деп жазды ТЖМ-нан.
Өртті сөндіруге ТЖД, «Орал Өрт сөндіруші» МӨҚҚ, ЕӨСҚ 40 адам мен 10-нан астам техника қатысуда.
Жедел шаралар қабылдау мақсатында Орал қаласынан 40-қа жуық жеке құрам мен ТЖД-ның 5 техникасы қосымша жолға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін БҚО-да 29 өрт ошағы сөндірілгені хабарланған болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Пайдалы қазбаларды өндіру салығының ставкалары өзгерді
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы