БҚО-дағы күре жолдардың бірінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Батыс Қазақстан облысында тұманға байланысты 29 қарашада сағат 19:45-тен бастап "Казталов - Жәнібек - РФ шекарасы" күре жолының белгілі бір бөлігі жабылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Батыс Қазақстан облысында ауа-райының нашарлауына байланысты (тұман) сағат 19:45-тен бастап "Казталов - Жәнібек - РФ шекарасы" күре жолының 0-115 шақырымы аралығында автокөліктің барлық түрі үшін жол қозғалысына шектеу енгізілді, - делінген "ҚазАвтоЖол" АҚ ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің хабарламасында.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы