БҚО-дағы бақылау бекеттерінде 7 аңшы қаруы тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша тек соңғы тәулікте блок бекеттерден 7 аңшы мылтығы тәркіленген, деп хабарлады «Хабар 24».
Сонымен бірге көлік рөліне мас күйінде отырған 5 жүргізуші ұсталды. Құқық бұзушылық дерегі бойынша 575 адам полиция бөліміне жеткізіліп, олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, 37-сі қамауға алынды.
Төтенше жағдай режимін бұзу және заңсыз митингіге шақыру бойынша өңірдің 10 тұрғыны әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамауға алынды.
Айта кету керек, аймақта 5 блок бекет қойылған, олардың екеуі облыс орталығының аумағында. Күштік құрылымдар күшейтілген режимнің айрықша түрі бойынша жұмыс істеп жатыр. Төтенше жағдай режимінің бұзылмауын жаяу және автопатрульдер қадағалайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда ірі сауда желілерінің тағы 49 филиалы ашылды
Өзгелердің жаңалығы