Қанға толы шприцтер: БҚО-дағы ауыл маңынан сұмдық видео тарады
Орал маңындағы полигоннан табылған медициналық қалдықтарға қатысты тексеру жүріп жатыр.
Әлеуметтік желілерде Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданына қарасты Байқоныс ауылының маңында медициналық қалдықтардың шашылып жатқаны түсірілген видео тарады. Кадрларда қанға толы шприцтер мен өзге де медициналық қалдықтардың ашық жерде жатқанын көруге болады. Осы жағдайға байланысты BAQ.KZ редакциясы Экология және табиғи ресурстар министрлігіне ресми сауал жолдаған еді.
Ведомствоның мәліметінше, медициналық қалдықтар Орал қаласынан 13 шақырым жерде орналасқан Байқоныс ауылының полигонынан анықталған.
Орал қаласынан 13 шақырым жерде орналасқан Байқоныс ауылының полигонынан медициналық қалдықтар анықталған. Полиция департаменті мен прокуратура органдарының қызметкерлері кінәлі тұлғаны анықтау шараларын жүргізіп жатыр, – деп жауап берді министрліктен.
Сондай-ақ ведомство мамандары оқиға орнына барып, зерттеу жұмыстарын бастағанын хабарлады.
Департаменттің мамандары зертханалық-талдамалы бақылау бөлімінің мамандарымен бірге аталған жерге шығып, сынама алу жұмыстарын жүргізуде, – делінген ресми жауапта.
Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары медициналық қалдықтардың полигонға қалай түскенін және оларды тастаған тұлғаларды анықтау бағытында жұмыс жүргізіп жатыр.
- Қазақстан статистикасы ЭЫДҰ сарапшыларын таңғалдырды 13:51
- Астанада жүк көлігі өртеніп, тағы екі көлік зақымданды 13:29
- Математиктер 90 жыл шеше алмаған есепті OpenAI шешті 13:06
- ADCB Kazakhstan қаржыландыру көлемін 3 есе арттырады 12:45
- «Үйдің жағдайы өте жақсы деді»: Ұлдана Мырзуан ісінде сотталушы жауап берді 12:40
- Алматылықтар тротуар плиткаларын қайта ауыстыру жұмыстарына наразылық білдірді 12:37
- Ипотека арзандап, пәтер қымбаттай ма? Ұлттық банктің жаңа базалық мөлшерлемесі нені өзгертеді? 12:30