23 Маусым 2025, 21:50
Фото: pexels
БҚО-да жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты
Бүгін, 23 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында жүк көлігі теміржолда пойызбен соқтығысты.
Бүгін, 23 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында жүк көлігі теміржолда пойызбен соқтығысты. Оқиға шамамен сағат 13:30 шамасында ауыл шетінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 1958 жылы туған жүргізуші Shacman маркалы көлігімен жүк пойызын өткізбеу салдарынан апатқа ұшыраған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігіне (Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.
- Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына салықтық жеңілдіктер ұсынылмақ 22:23
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11