БҚО-да жүк көлігі пойызбен соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

Бүгін, 23 маусым күні Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайқын ауылында жүк көлігі теміржолда пойызбен соқтығысты. Оқиға шамамен сағат 13:30 шамасында ауыл шетінде болған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

БҚО полиция департаментінің хабарлауынша, 1958 жылы туған жүргізуші Shacman маркалы көлігімен жүк пойызын өткізбеу салдарынан апатқа ұшыраған. Ер адам оқиға орнында көз жұмды.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігіне (Теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pexels
Өзгелердің жаңалығы