БҚО-да жолдарды су шаю қаупі басым болып тұр
Батыс Қазақстан облысында күннің күрт жылынуына байланысты автокөлік жолдарын су шаю қаупі басым, деп хабарлайды BAQ.KZ 24.kz-ке сілтеме жасап.
Еріген қар суы жуырда Темір Масин, Ұялы және Мәшетексай ауылдарының маңындағы айналма жол үстіне жайылған. Бірлескен іс-қимыл мен су деңгейінің төмендеуі нәтижесінде «Чапаев-Жаңақала-Бисен» автожолында көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Суды ұстап тұру үшін 150 қапшық қиыршық тас төселді. Қазір тасқынның алдын алу мақсатында құрылған облыстық штаб тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшті. Көктем басталғалы қала мен ауылдарда 45 мың текше метрге жуық су сорылған. Коммуналдық кәсіпорындар күшімен 307 мың текше метр қар шығарылды. Мұз кесу, бұрғылау жұмыстары да жалғасып жатыр. Жалпы ұзындығы 280 шақырым болатын арықтар тазартылды. Әзірге елді-мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен, биыл аймақта жердің тоңы қалың. Бұл қар суының жерге тез сіңуіне кедергі келтіреді. Мамандар өңір тұрғындары сақтық шараларын күшейтуі тиіс екендігін айтады.
Көктем-күз мезгілдерінде судың шайып кету учаскелері бар, ол жасырын емес. Республикалық маңыздағы жолдарда бізде 1414 км ішінде 12 учкаскеміз бар. Ол «Самара-Шымкент» 303, 309, 479-шақырымы, «Орал-Бұзылық» тас жолы, оның 12-шақырымы, «Подстепный-Федоровка» 51 және 91 шақырымдарында жолды су шайып кету мүмкіндігі бар, - дейді "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК БҚФ инженері Дәурен Әміров.
Ал облыстық ТЖД басқармасының бастығы қазіргі таңда бұл жолда автокөліктер қалыпты жүріп жатқанын айтты.
Жаңақала ауданы Мәштексай ауылдық округіні облыстық маңыздағы жолдың «Чапаев-Жаңақала-Бисен» автожолының 157 км-де еріген судың жолдың аласа учаскесі арқылы су өткен болатын. Жолдың биіктігі 1 метр, топырақтьы жол. Еріген суды ұстап тұру тұру үшін инертті материалдар қолданылды. Көлік қозғалысы тоқтаған жоқ. Қазіргі таңда бұл жолда автокөліктер қалыпты жүруде, - деді облыстық ТЖД басқармасының бастығы Рауан Қайырғалиев.