БҚО-да жолаушылар мінген автобус аударылып, 18 адам зардап шекті

53 жастағы қоғамдық көліктің жүргізушісі жансақтау бөлімінде қаза болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға 18 тамыз күні таңғы сағат 9:00-де Тасқала ауылындағы Скоробогатова мен Чижинская көшелерінің қиылысында болған. БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 34 жастағы Hyundai Elantra жүргізушісі жол бермей, Toyota Coaster автобусымен соқтығысқан.

53 жастағы жолаушы көлігінің жүргізушісі жансақтау бөлімінде көз жұмды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адамның бас миының жабық жарақатын алған, миы шайқалған, қабырғалары сынған, өкпесі зақымданған, сүйектері сынған. Ол алған жарақаттарынан есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Тағы 17 адамға медициналық көмек көрсетілді. Жолаушылар көлігінің жүргізушісіне жабық бассүйек-ми жарақаты және миы шайқалған деген диагноз қойылған. Ол нейрохирургия бөліміне жатқызылды, жағдайы ауыр. 47 жастағы әйелдің сол жақ бұғана сүйегіні мен қабырғасы сынған. Травматология бөліміне жағдайы орташа ауыр күйде түскен.

Қалған 15 жолаушы тексерілгеннен кейін амбулаторлық емдеуге жіберілді. Олардың арасында алты және екі жасар екі бала бар.

Полицейлер Қылмыстық кодексінің 345-бабы «Жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы