19 Желтоқсан 2025, 17:03
Фото: видеодан скриншот
БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысындағы «Самара — Шымкент» автожолының 270-ші шақырымында екі автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Батыс Қазақстан облысындағы «Самара — Шымкент» автожолының 270-ші шақырымында екі автокөлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, ВАЗ-2112 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен. Содан кейін Volkswagen Passat автокөлігімен соқтығысқан.
Оқиға салдарынан ВАЗ-2112 жүргізушісі мен Volkswagen Passat көлігінің бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапты. Volkswagen Passat жүргізушісі мен екі жолаушысы әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүріп жатыр, деп хабарлады БҚО Әкімшілік полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Болат Жаңабаев.
Оқиғаның мән-жайы анықталуда.
- Қарағанды облысында бұлақтар абаттандырылды 19:11
- Қазақстандағы ең ірі қымыз фестивалі несімен ерекшеленеді 18:48
- Нью-Йорк полициясында қызмет ететін қазақтар: Сәденов отандастарымен кездесті 18:07
- Берлинде 11 сағаттан астам кепілде болған кассир құтқарылды 17:49
- Өскеменде тұрғын үй өртенді 17:17
- Вьетнамда туристер мінген катер аударылып, 15 адам қаза тапты 16:47
- «Хантәңірі қазынасы»: Алматы облысында Райымбек ауданының 90 жылдығына арналған ұлан-асыр той өтіп жатыр 16:11