БҚО-да жол апатынан 7 адам ауруханаға түсті
Батыс Қазақстан облысында жол апатынан 7 адам ауруханаға жеткізіліп, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 17 тамыз күні Казталов ауданы аумағында болды.
«Шамамен сағат 14.20-да Казталов-Жалпақтал-Чапаев жолының 145-шақырымында 1999 жылы туған жүргізуші «Лада Приора» автокөлігімен 1984 жылы туған тұрғын айдап келе жатқан «Лада Вестаға» жол бермей, түйіскен. Ауруханада «Лада Приора» автокөлігінде болған жолаушы, 1974 жылғы ер адам да қаза тапты. Қалған 7 адам ауруханада. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде»,- деп хабарлады ведомстводан.
Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Текелі сүт зауыты өнім ассортиментін көбейтті
Келесі жаңалық
Елімізде алдағы үш күнде қандай ауа райы күтіледі?
Өзгелердің жаңалығы