БҚО-да жеке сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Прокуратура заң бұзушылықтарды тексеру барысында анықтады.
Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы атқарушылық іс жүргізу туралы заңнаманы бұзу дерегі бойынша жеке сот орындаушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қадағалау органының мәліметінше, заң бұзушылықтар жеке сот орындаушыларының қызметін тексеру барысында анықталған.
Прокуратураның дерегіне сәйкес, жеке сот орындаушысы атқарушылық іс жүргізу аясында түскен ақшалай қаражатқа билік ету тәртібін бұзған. Атап айтқанда, өндіріп алушыларға тиесілі 532 мың теңге аударылмаған. Сонымен қатар, тергеу нұсқасы бойынша, тағы 9,8 млн теңге негізсіз үшінші тұлғаның есепшотына жіберілген.
Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 251-бабы («Жеке сот орындаушысының өкілеттігін теріс пайдалану») бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Прокуратура тергеу барысы ерекше бақылауға алынғанын мәлімдеді. Тергеу қорытындысы бойынша іске қатысы бар барлық тұлғаның әрекетіне құқықтық баға беріліп, қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданады.
- Отандық жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындарына салықтық жеңілдіктер ұсынылмақ 22:23
- Қосшыда жаңа мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі салынып жатыр 21:50
- «8 минуттық оқу»: Елорда мектептерінде жаңа жоба басталды 21:19
- Шошқа бүйрегі адамға 271 күн қызмет етті: Трансплантация тарихындағы ерекше жағдай 20:57
- Өзбекстанда 2026 жылдың басынан бері такси нарығы қалай өзгерді? 20:40
- Алматыда тау бөктерінде әл-Фараби даңғылы маңында өрт шықты 20:20
- Қазақстан Көшпенділер ойындарында топ жарды: 55 медаль жеңіп алды 20:11