БҚО-да Жайық өзені бақылауға алынды

Бұл туралы Батыс Қазақстан облысы ТЖД бастығының міндетін атқарушы, полковник Руслан Қасыбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су Ресей Федерациясының тарапынан келеді, онда су тасқынына байланысты Ириклин су қоймасына белсенді ағызу жүргізілуде. РФ тарапынан Ириклин су қоймасының суын ағызу біртіндеп азайып келеді. Ресей тарапының ақпараты бойынша Ириклин су қоймасына ағын жылдамдығы 1 485 м3/сек, төгу 1 342 м3/сек құрайды, - деді ТЖД өкілі.

Су тасқыны кезеңі басталғалы барлығы 12 970 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5 400 жуығы бала. 1155 тұрғын үй су астында қалды, оның 732-сіне тұрғындар қайтып келген.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы