БҚО-да жас жігіт суға батып кетті
Батыс Қазақстан облысында тағы бір жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Батыс Қазақстан облысында тағы бір жас жігіт суға кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, оқиға 8 шілде күні Бәйтерек ауданы Жайық ауылында болды.
Сағат 19.50-де «Орыс моншалары» кешені ауданында құтқарушылар «Карьер» жасанды су қоймасынан 28 жастағы тұрғынның денесін алып шықты. Алдын ала мәлімет бойынша марқұм мас күйінде шомылуға тыйым салынған жерден түсіп, сағат 18.45-те батып кеткен. Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. БҚО ТЖ департаменті тұрғындарға судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау керектігін еске салады, делінген хабарламада.
Бұл – соңғы күндері Бәйтерек ауданында болған екінші оқиға. Осыған дейін 5 шілде күні Асан ауылында 21 жастағы жігіт «тілсіз жаудың» құрбаны болды.
БҚО ТЖ департаменті 9 шілдеде күннің 42 градусқа дейін ыситыны жөнінде ескерту жариялады. Өңірде өрт қаупі де күшейіп тұр.