БҚО-да жантүршігерлік жол апатынан төрт адам қаза тапты
Батыс Қазақстан облысындағы тас жолда екі жеңіл көлік соқтығысты. Апат салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы екеуі зардап шекті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Мой город" порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасай отырып, жантүршігерлік жол апаты 22 маусымда таңертең Қаратөбе ауданы Қоскөл ауылының маңындағы Самара – Шымкент тас жолында болғанын нақтылайды.
"Лада Приораның" 43 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, "Мазда" шетелдік көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Апат салдарынан екі жүргізуші де, екі жолаушы да оқиға орнында жан тапсырды. Тағы екі жолаушы ауыр жарақаттар алды", делінген хабарламада.
Жол апаты фактісіне сәйкес ҚР ҚК-нің 345-бабы, яғни "Көлік құралын басқаратын адамның жол жүру ережелерін бұзуы, абайсызда екі және одан да көп адамның өліміне әкеліп соқтыру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру шаралары қолға алынды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
ІІМ-де полиция күні атап өтілді
Келесі жаңалық
Әлемде аллергиясы бар адамдар көбейді
Өзгелердің жаңалығы