БҚО-да жантүршігерлік өрт: Үйден үш адамның мәйіті табылды
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, өртті сөндіру кезінде үш адамның мәйіті табылды. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Белгілі болғандай, 25 қаңтар күні кешкі уақытта Батыс Қазақстан облысы ТЖД-ның 101 пультіне Ақсай қаласындағы Солтүстік көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түскен.
Өрт сөндіру бөлімшелері оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің толықтай отқа оранғаны анықталды. Өртті сөндіру барысында ғимарат ішінен үш адамның мәйіті табылып, құтқарушылар оларды сыртқа шығарды. Өрт толықтай сөндірілді. Өрт аумағы шамамен 90 шаршы метрді құрады. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда, - деп хабарлады БҚО ТЖД мамандары.
Өртті сөндіруге 14 өрт сөндіруші мен 3 бірлік техника жұмылдырылды.
Ресми деректерге сәйкес, аталған үйде бір адам тұрған.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Толық болжам: Қазақстанда ақпан айында күн райы қандай болады?
Өзгелердің жаңалығы