БҚО-да жанармай бекетінің жұмысшысы компания ақшасын ұрлап, ойынға салған
Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында автожанармай құю бекетінің қызметкеріне қатысты істі сот қарады. Ол өзіне сеніп тапсырылған ақшаны жымқырды деп айыпталды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Мой город" порталына сілтеме жасап.
БҚО сотының баспасөз қызметі ұсынған мәліметке сәйкес, ер адам клиенттерден төлем қабылдағанымен, түскен қаражатты компания есепшотына емес, өзінің Kaspi Bank-тегі жеке шотына аударып отырған. Барлығы 455 мың теңгені иемденіп, бұл ақшаны онлайн-ойындарға жұмсаған.
Кейін сотталушы келтірілген залалды толық өтеп, жұмыс берушімен медиация тәртібімен татуласу жөнінде келісімге келген. Осыны ескерген сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жамбыл облысында жаңа кен байыту комбинатының құрылысы басталды
Өзгелердің жаңалығы