БҚО-да үш көлік соқтығысып, екі әйел көз жұмды
Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Батыс Қазақстан облысында үш көліктің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан екі әйел көз жұмды.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 15 маусым күні шамамен сағат 18:50-де Теректі–Ақсай тасжолының 52-шақырымында болған.
Алдын ала деректер бойынша, 1973 жылы туған жүргізуші басқарған Toyota Prado көлігі қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Volkswagen Tiguan автокөлігімен соқтығысқан. Кейіннен Toyota Prado көлігі Toyota Land Cruiser 200 автокөлігіне де соғылған.
Апат салдарынан Toyota Prado көлігінде болған 1971 және 1974 жылы туған екі әйел оқиға орнында алған жарақаттарынан көз жұмды. Сонымен қатар, түрлі жарақат алған бірнеше адам ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта жол апатының барлық мән-жайы анықталып жатыр.
- 29 перзентханада санитарлық режим бұзылған – Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2026
- Артық жүк жолды тоздырып жатыр: «ҚазАвтоЖол» 870 мың заң бұзушылықты тіркеді 09.09.2026
- Астанаға ағылған халық: 6 айда елордаға 32 мың адам көшіп келген 09.09.2026
- Қазақстан мен Әзербайжан пароммен жолаушылар тасымалын қайта бастайды 09.09.2026
- Алматы облысында 18,1 млрд теңгелік жылыжай кешені бой көтеріп жатыр 09.09.2026
- Жаңбыр мен аптап ыстық: 10 қыркүйекте бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды 09.09.2026
- Жүргізушілерге ескерту: Астанада маңызды жол учаскесі 6 күнге жабылады 09.09.2026