БҚО-да тонаушылар ұсталды

Батыс Қазақстанда полиция қызметкерлері тонау жасаған азаматтарды ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ Polizia.kz-ке сілтеме жасап. 

27 тамыз күні сағат 19:15-те белгісіз екі тұлға Орал қаласындағы Кердері көшесінің бойында 1981 ж.т. Орал қаласының тұрғынына тиісті 115 мың сомасындағы ақшасын ашық түрде жымқырып кеткен. 

Қолданылған жедел-іздестіру іс-шарасы барысында бұрын сотты болған 1994 және 1993 ж.т. Орал қаласының тұрғындарын анықтап, қолға түсірді. Ұсталғандар УҰИ-ға қамалды. ҚР ҚК-нің 191-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы